Аурухана 2005 жылы ашылғаннан бері Anadolu Medical Center медициналық технологиядағы ең соңғы жетістіктерді меңгеріп, пациенттерге ең заманауи медициналық қызметтер көрсетеді. Бұл қатерлі ісікті емдеуде заманауи әдістерді клиникалық бейімдеу және қолдану саласында танымал денсаулық сақтау мекемесі. Anadolu Medical Center Америка Құрама Штаттарының ең беделді ауруханаларының бірі — Johns Hopkins Medicine-мен көптеген салаларда бірлескен зерттеулер жүргізеді.
Радиациялық онкология бөлімі ең соңғы жабдықпен жарақталған заманауи инфрақұрылымының арқасында барлық қатерлі ісік пациенттерінің емдеу қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, атап айтқанда:
- Жоспарлау кезеңі үшін GE DISCOVERY RT томография аппараты
- Емдеу кезеңі үшін VARIAN EDGE, ACCURAY CYBERKNIFE M6 және RADIXACT (томотерапия).
Discovery RT
ТОМОГРАФИЯ АППАРАТЫ
Сәулелік ем алатын пациенттердің емін жоспарлау GE компаниясы шығарған DISCOVERY RT томография аппараты арқылы жүзеге асырылады. Аппараттың ішіндегі 4DCT бағдарламалық жасақтамасы ісіктің дене ішіндегі қозғалысын өте жақсы көрсетеді. Максималды FOV ені артық салмағы бар пациенттер үшін де қарапайым бейнелеуге мүмкіндік береді. MAR бағдарламасы арқылы дененің ішіндегі металл құрылымдардың тудыратын көптеген томография артефактісін түзетуге және жоғары сапалы кескіндер алуға болады.